Деректі хикая

Қазақ халқы жесірін қаңғытып, жетімін жылатпаған. Алайда қаншама миллион адам болса, соншама мінез бар. Адам болып туылып адам болып өмірден өту қазіргі таңда екінің бірінің ғана қолынан келеріне сіз сенесіз бе? 
 
Адам деген атына қиянат жасап төрт аяқты мақұлықтан бетер жауыздыққа барып жатқан адамдар қанша? Міне сондай жауыздың біріне тап болған кейіпкеріміздің бірі Айнұр. Айнұр отбасының жалғыз қызы болып, бес бауырының арасында өскендіктен ер мінезді болып кеткен. Сөзі мен ісіне қарап нақ еркек дерсіз.

   Ердің, әйелдің ісі деп бөліп жармай кез келген істі білек сыбана дөңгелетіп алып кетеді. Ер мінезді болса да әйелге тән нәзіктігі де жоқ емес. Кез келген іске сабыр мен қарап, ақ қара жібін ажырата біледі. Әділетсіз өмір әбігерге салып жолдасынан айырылып жесір болып жүргеніне қарамай қос қанаты, үміті, бары мен нары Айжан мен Маржанды ешкімнен кем етпей бағып қағып келеді. Жолдасының туыстары мен қарым қатынасын үзген емес. Күні түні тыным таппай жұмыс істеп жүріп бәрінің де қуанышы мен қайғысына ортақтасып жандарынан табылып келеді.Менмін деп көкірек қағып даңдайсыған еркектерді орнына қалай түсіру керектігін де жақсы біледі. Ер адамға қол мен аяқ көтеру, дауыс көтере сөйлеу қазақ әйелдеріне жат қылық екенін бәріміз де білеміз. Алайда қазіргі таңда ол ұстанымдар мен өмір сүрсең көрінгеннің жемтігіне айналып, бас көтере алмай өмірдеден өтіп кетерің де хақ. Солай емес пе?
 
  Өз күнін өзгеге қаратпай жүргені мен қоймай айналасындағы әйелдердің ақылшысы, сырласы, жанашыры болған Айнұрды ауыл тұрғындары өзгеше сыйлайды. Осы қайсар мінезді ханымның қадалған жерінен қан алмай қоймайтын мінезінің арқасында ауылға әкім шақ келмейді. Көтерілсе үні мемлекет басшысына дейін жетпей қоймайды. Ауызы дуалы ма, әлде бір ерекше қасиеті барма, айтқан сөзінің бәрі орындалып жатады. Өзі жұмыста кезде қос қызын көршісі Балнұрға тастап кетіп жүргендіктен өз сіңілісіндей ет жақын болып кеткен. Бірақ бір алаңдайтыны Балнұрдың жолдасы ер азамат атынан садаға кеткір Алпамыс маскүнем біреу. Өз балалары мен әйелін аямаған алқаш Айнұрдың қыздарын аясын ба?. 
  
  Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Басқа көршілері бірі қарт кісілер болса енді бірі өз бала шағасын игере алмай жүрген жас отбасы. Маскүнемдігі соншама әйелін түннің жарымында мойынына пышақ тақап қорқытып араққа жұмсайды. Арақ алып келмесе далада қонады. Онымен қоймай өзінің қанынан жаратылған балалары мен әйелін бопсалайтыны тағы бар. Бір екі рет Айнұр тепкілеп алып еді, Балнұр Айжан мен Маржан үшін алаңдап оларды өз қарауына алып қалғысы келмеді. Ауыл ақсақалдары жиналып сабырға шақырды, өз бауырлары ұрыпта көрді бірақ жөнге келер еркек жоқ. Балнұр мен балалары сол маскүнемге арақ алып беріп, өздері көгерген нан жеген кездері де болған. Ондай кезде қол ұшын созатын жалғыз жан ол Айнұр. Балаларын киім мен қамтамасыз етіп, азық- түлігін әкеліп тұрады.
Айнұр көмектесіп отырған бұл жалғыз отбасы емес. Тек қана осы шақ пен өмір сүреді. Болашаққа болжам жасап, бос қиялға еру оған тән қасиет емес. Қолында бар болса жағдайы төмен, балалары аш жалаңаш отбасылардан ештеңені аяған емес. Ауыр жұмыстан шаршап денесін бір жүк басып қалғандай таңертең төсектен бас көтере алмай жатқанда Балнұрдың кенже ұлы Мақсаттың шырылдаған дауысын есітіп орнынан ұшып тұрды.

- Айнұр апа, қайдасыз?
- Мақсатжан не болып қалды? Неге жылап тұрсың?
- Апа, анашым тек сізді ғана тыңдайды ғой. Оған айтыңызшы төбеде жіпке байланып тұр. Біз қанша жалынсақта түсер емес.

Айнұр не болғанын бірден түсінді. Қыздары анасының көз қарасынае бірден не айтқысы келгенін түсініп, Мақсатты алдап, ойнатып үйлерінде алып қалды. Апыл- ғұпыл үстіне халатын іліп Балнұрға қарай жүгірді. Дереу орындыққа шығып дәу пышақ пен арқанды кесіп жібергенде Балнұрдың көгеріп мұздап қалған өлі денесы жерге сылқ ете түсті. Байғұс әйелдің көзі ашық қалып қойыпты. Көз жанарынан күйеуіне деген өкпе- реніш, ашу- ызаны бірден байқалады. Алақыны мен Балнұрдың бетін сипап өтті. Үш қызы шырылдап жылап жатыр. Екі көзі қанталап ашудан жарылардай болып Алпамысты барады- ау деген жердің бәрінен іздеді. Маскүнем күйеу сымақ үшті күйлі жоқ. Тап бір жер жұтып кеткендей. Ақыры таппай Балнұрдың жаназасының қамына кірісті. Бір көше тұрғындары жабыла жұмылып бірі бауырсағын, бірі тәттілерін, бірі нанын пісіріп алып келіп жатыр. Әр адам қолда барын алып келуде. Малы көп бір тұрғын қошқарын құрбандыққа шалып, еттің бәрі дәу қазанда қайнап жатып, Айнұр қамыр жайып тұрғанда Алпамыс аяғында тұра алмай қисалаңдап удай мас болып кіріп келді. Айнұр жайып жатқан қамырын тастай сала Алпамысқа қарай бет алды.
- Оңбаған алқаш. Қолыма түстың ау ақыры.
- Мүнда не болып жатыр? Неменеге бәрің жиналып алғансыңдар?
- Қарғыс атсын сені. Мына сенің кесіріңнен өзін — өзі өлімге қиған Балнұрдың жаназасына жиналып отырмыз. Оңбаған, енді мына төрт баланы кім асырайды? Жексұрын неме.

Айнұр айқайлап қолындағы оқтау мен Алпамысты төбелей бастады. Аямай соғып жатыр, соғып жатыр. Оқтау төрт бөлінгенше сабады. Сол жердегілердің еш бірінің Айнұрды тоқтатуға шамасы жетпеді.
Қарсы шығып алдына түскен еркек сымақтарды да аяған жоқ. Бүкіл жері көгеріп, қаннан түрі көрінбей қалды.
- Әйелді қорлап, баланы туғызып алып, оларды асыраудың орнына сол балалардың несібесін ауызынан жырып алып араққа айырбастаған мына сен өлуің керек еді! Өл, өле қал. Еркек болып туылсаң сол атыңа сай әрекет етпейсің бе? Оңбаған жексұрын болғанша. Сендейлерге қара жерді басқызып қор еткенше тас пен ұрып өлтірсе обалы жоқ.

Бұл көрініс сол жерге жиналған біраз еркек атаулыға жақсы сабақ болары сөзсіз. Айнұрдың айтпаған сөзі қалмады. Прес жіппен түгел денесін байлап, бір қап ұнды көтергендей иығына салды да апарып ескі қоймаға қамап тастады.

- Әй еркектер тыңдаңдар. Әйелдерді әлсіз деп ойламаңдар. Әйел ашуланса күллі әлемді қирата алады. Әйелді өзіңе жар етіп алдың ба, сыйла. Баланы туғыздың ба, асыра. Шамаң жетпейді ме онда бір жеріңді кесіп таста.
Әйелдерге де айтарым бар!
Біреудің үйін тазаласам жұрттан ұят, көше сыпырсам ұят, кетпен ұстап шабық шапсам күнге күйемін, мал асырасам боққа батып сасыймын анау- мынау деп ұялмайтын жерде ұялып қалмай ешектің артын жусаңда адал еңбек етте ұл- мен қызыңды асыра. Ата- ана болғандықтан ең бірінші перзенттерін ойлауға тиіссіңдер. Баланы туған соң бар жауапкершілік сендердің мойындарыңда. Өлсеңдерде бұл жаупкершіліктен құтыла алмайсыңдар.
Бұл ауылда еркектеп зардап шеккен әйелдердің соңғысы Балнұр болсын. Кім де кім әйелін не перзентін жәбірлесе жазасын Алла өзі- ақ береді. Жесір мен жетімнің көз жасы ешкімді де жібермейді. Жесірдің қарғысы жаман болмақ. Қарғыс алмай алғыс алып бір- біріңді сыйлап өтіңдер.

Бір сәт бәрі үнсіз қалды. Үнсіз үзілістен соң бәрі қайта шаруасына кірісті. Жаназасы шығарылып күйеуінің күйігіне төзе алмай, перзенттерінің барына қарамай өзін өлімге итермелеген Балнұр жер қойнауына тапсырылды.
 
Жалғасы бар…
«Әсерлі әңгімелер» топтамасынан