Биыл пітір садақа 420 теңге болып белгіленді. Оның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.



Биылғы пітір садақа мөлшері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде бекітілді. Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмағандар кейін берсе де болады.

Пітір садақаны жағдайы жоқ жандарға, зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржысы таусылып жолда қалған жолаушыларға берсе құба-құп. Немесе мешітке берсе болады. Рамазан айы 13-сәуірден басталып 12-мамырда аяқталады. 13-мамыр Ораза айт күні. Қадір түні мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні келеді.

Дереккөз : ktk.kz