Мен бұл сайттағы жазбаларды оқып отырамын.
Менде өз сырымды жазғым келеді, өз отбасым жайлы.
Жасым 20-да үйдің үлкенімін. Менен кейін 2- сіңілім бар Аллаға шүкір.
Бір қиыны үйде ұл жоқ.

Менің айтпағым да осы. Ата-анам осы жағдай үшін көп ұрысып қалады.
Анашым жылап та алады. Ол анамның кінəсі емес қой,Алланың сынағы. Əкеме айтып - айтып тастағым келеді ,өзім- ақ асыраймын деп, бірақ əкемізге қарап сөйлемек түгілі көзіне тіктеп қарай да алмаймыз.
Енді міне тағы үйден 1апта болды күлкі кетті...
Шаршадым. Қолымнан ештеңе келмейді.
Əкем басқа əйел аламын дейді екен анама. Сонда біз 3 қызы кім болғанымыз. Ол кісі қазір жасы 45-те.Ұл асырап алайық десек оған көнбейді.
Мен бұл сырымды ешкімге айта алмаймын,себебі сенбеймін ешкімге. Сол себепті сіздерге айтып отырмын.
Жамандағаным емес, көмектескім келеді не істесем екен?
Əкеме де, анама да қиын екенін түсінем, бірақ менің қолымнан не келеді? 
Əкемнің басқа әйелге кеткенін қаламаймын