Әркімнің бір уайымы бар дегендей,жасым он тоғызда.Ерте тұрмысқа шықтым.Басында сүйіп қосылғандай едік. Енді арадан алты ай өтпей суып бара жатқан сияқтымыз. Дене сымбатым да,кескін келбетім де ешкімнен кем емес. Ыстық –суығымыз тез –ақ басылып қалды. Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді. Үйден шыққан сəтте-ақ қолындағы неке жүзігін шешіп тастайды.  Қанша рет байқадым. Мені ертіп достарымен кездесуге барғысы келмейді.

 Бұрынғыша еркелегім келеді.Оңашада мойнына асылып, бар жылы сөзімді айтқым келеді.Ал ол менің қолымды қағып тастап, бөлмеден шығып жүре береді.

Сондай сәттерде ызаланып жылап аламын.Ұнатпаса неменеге үйленді екен деп ойланып,ас батпай жүр.Кей түндері  жастықты көз жасыммен шылап шығамын.Ата –анама ештеңе білдіргім келмейді.Әлі бір жыл болмай жатып, ажырасып кету де  ауыр.Олсыз да ажырасып, некесіз туған балалардың саны күн сайын артып бара жатқан заманда  ,тағы бір шарананы әкесіз дүниеге әкелгім келмейді.

Бірге жүретін жора –жолдастары бәрі бойдақ.Мүмкін...содан да болар,әйтеуір маған ықыласы сөніп барады.Олай болса артымнан қалмай жүгіріп неге үйленді екен?Үйленгенше айтқан тәтті сөздірінің бәрі бекер болғаны ма?Әлде еркектердің бәрі солай ма?Сіздер не дейсіздер,отбасылық өмірде тәжрибесі мол апалар?Бұл қалыпты жайт па?

 

 Гүлжайна