Жаннамен ойда жоқта танысып, аяқ асты үйлендім. Оқиға былай болған.

Ауылда жақын араласып тұратын досымның інісі үйленді. Інісі Алматыда оқитын. Студент. Сүйген қызын алып келіп дүркіретіп той жасады. Қыздың бір топ подружкалары ере келген екен. Той үстінде билеп жүріп сол қыздардың бірімен таныстым.

Аты Жанна. Аяқ қолы балғадай, сымбатты, сұлу қыз екен.

Гитара тартып ән айтатын өнерім бар еді. Жұрт көңілді отырсын деп дастархан басында Қайрат Нұртастың, Төреғали Төрәлінің бірнеше әнін гитараны сабалап отырып айтып шыққанмын. Жұрт дүркіреп кетті. Құдды тойда Қайрат пен Төреғали жүргендей ду-ду қол шапалақ. «Тағы, тағы» деп шуылдаған жұрт.

Төр жақта, үстелде отырған Жанна қайта-қайта маған көзін төңкеріп, сүзіліп қарай берді. Ол қыздың мені ұнатып қалғаны белгілі болды. «Тойдың үстінде алып-қашсам ба?» деп ойладым. Онсыз да жасым отызға таяп қалды. Әке-шешем де, туғандарым да «қашан үйленесің, уақытың өтіп барады», деп түртпектей береді.

Билеп жүріп, Жаннаға «Сен маған қатты ұнап қалдың. Өмір бойы бірге болғым келеді», деп сыбырладым.

Ол отказ бермеді

«Еркексің ғой, не істеймін десең де өз қолыңда» деді.

Қараңғы бұрышқа апарып, бірнеше мәрте сүйдім. Қыз қарсыласпады. Сүйісте тым тәжірибелі екен. Құшағыма кіріп, ернімді тістелеп, тілімді жұлып ала жаздап тұрып, сорып сүйді.

Дәл сол кезде «мұның бәрі махаббатқа мастықтан болар» деп ойлап, көп мән берген жоқпын.

Жанымдағы достарыма «қазір мына қызды алып қашамыз. Қыз келісіп отыр. Үйге хабарлаңдар» дедім. Бір-екеуі жүгіріп үйге кеткен. Біраздан соң «әке-шешең әкеле берсін. Біз даярмыз деп айтты», деп олар қайтып келді.

Тойдың соңына қарай Жаннаны ертіп шығып, көлікке отырғызып біздің үйге тайып тұрдық. Көршілер жиналып, дастархан жасалып, жұрт даяр отыр екен. Машинадан түскен бойда, шашу шашылды.

Сөйтіп Жаннаға үйленіп тындым. Бір-екі күн ырду-дырду болып, Жаннамен дұрыстап неке төсегіне жата алмадым. Содан жұрттың аяғы саябырсыған соң, бірге жатып шықтық.

Жаннаның пәктігі болмады. Оны өзі де мойындады. «11 сыныпта оқып жүргенде, бір баламен дос болып, сол зорлап тастады. Үйленемін деген, бірақ мені алдапты. Кейін ол басқа қызбен жүріп кетті. Сөйтіп қыздығымнан айрылып қалдым», деп Жанна түнде төсекте мені құшақтап жатып жылаған.

Не дейін? «Танымайтын қызды бір көріп, үйленемін деген өзім. Той жасатып, әке-шешемді шаштым. Енді алған қызымның қыздығы жоқ, ажырасамын деп қалай айтамын? Ел-жұрттан ұят емес пе? Мен тұрмақ, әке-шешем елдің бетіне қалай қарайды? Болар іс болды! Қазір қай жігіт пәктігі бар қызды алып жатыр дейсің? Жүре келе бәрі ұмтылып кетер. Ең бастысы жақсы отбасы болып кетсек болды емес пе?» деп ойлап, ешкімге сыр бермей, тек іштей өкініп қойғанмын.

Арада бір апта өткен соң Жанна (студент қой) оқуын жалғастыру үшін қалаға қайтпақ болды.

Барын салып жолға шығарып салдық. Үй жақты реттеген соң артынан мен бардым. Ойым Жанна оқуын бітіргенше пәтер жалдап, сол жақта жұмыс істеу. Бірақ Жаннаның менімен бірге тұруынан гөрі түрлі сылтау айтып жатақханада қонып қалуы көп болды.

«Сабақ ауыр. Соңғы курс. Сессияға, емтиханға даярлану керек. Қыздардың жанында боламын» деп сылтау айтып тайып тұратын.

Басында оқуына бөгет болмайын деп үндемегенмін. Жаннаның жүрісі тым сұйылып кеткен соң, көңіліме күдік кірді. Бұрын ауылдағы тойға қыздармен ере келген бір-екі жігітті танушы едім. «Жанна жайында не айтар екен, курстастары ғой» деген оймен Жаннаға айтпай, әлгі жігіттерді іздеп тауып алдым. Содан оларды асханаға шақырып, көңілімдегі күдікті айттым.

Олар алғашында «Жанна жақсы қыз» деп бастарын ала қашқан. Бірақ шындап сұраған соң бар ақиқатты жайып салды.

Сөйтсем, әйелім деп жүрген Жаннам нағыз жүргіш жәлеп екен. Өзімен қатар студенттер тұрмақ, кейбір сабақ беретін еркек ұстаздармен де жатады екен.

Тіпті осы оқу орында оқитын талай шетелдік студенттерді де «суғарып» жүрген көрінеді.

«Мұны неге ертерек айтпадыңдар» деп едім, «аға, сіз бізден сұрадыңыз ба, осы қызға үйленмін деп.

Бірден алдыңыз да қаштыңыз. Той үстінде біз сізге қалай «Жанна бұзылған қыз» деп айтамыз? Тойыңызға қатысып, амалсыз үндемей кеттік.

Алғашында ойлағанбыз, күйеуге тиген соң көлденең жүрісін қоятын шығар деп. Бірақ олай болмады. Сізді ауылдың «лохы» деп есептеп, пәтерге тұрғызып, жұмысқа салып қойып, өзі көңіліне ұнаған жігітпен ойын-сауық құрып әлі жүр», десті ол балалар.

Олардың айтқанына сендім. Өйткені Жаннаның осындай сұйық жүрістері бар екенін өзім де сезіне бастағанмын. Төсекте жатқанда «жуынбағансың ба, сасып жатырсың» деп, теріс қарап жатып алады. Не болмаса «сабақтан шаршадым» деп ұйықтаған болып қалады. Демек, жатахқанаға барып «тойып» келетін болып тұр ғой.

Содан Жанна кешке келгенде бір ұрып құлаттым. Өзімді ұстай алмай қалдым. Одан кейін қос қолдап тамағынан тұншықтырдым.

«Мен сені жаным деп құшып жүрсем, нағыз жәлеп екенсің. Бәрін білдім. Шыныңды айт, әйтпесе өлтіремін», деп тұншықтыра түстім.

Ол тыпырлап жатып бәрін мойындады. Өзінің жүргіш екенін. Мені алдап келгенін, бәрін-бәрін айтты.

Тіпті «ауру шығармын, денелі сымбатты еркек көрсем, құшақтап сүйісіп, жатқым келіп тұрады. Саған да сөйтіп сынып қалдым ғой. Білмеймін әдемі жігіт көрсем, сонымен бір жатып, құмарымды қандырғым келіп тұрады», дейді жүзіқара.

«Онда нағыз ауру екенсің» деп бетіне бір түкіріп, пәтерден қуып шықтым. Қаным басыма теуіп жынданып кете жаздасам да, жеңілдеп қалдым. Өйткені бәрін уақыт өткізіп, созып алмай, дер кезінде шештім

Әйтпегенде жезөкшені жарым деп қанша жыл жүрерімді кім білсін?

Мұны неге жазып отырмын? Менің басымнан өткен бұл оқиға өзгелерге сабақ болсын. Өйткені қазір жақсылап біліп, сыралғы болмай жатып, көшеден қызды сүйреп келіп үйленіп жатқандар көп. Солардың көбі біраз уақыттан соң, «қателесіппін» деп ажырасып жатады.

Сондықтан үйленбес бұрын, қызды әбден танып алған жөн екен. Әйтпесе жүргіш шүйкебас біреуді алып келіп, той жасап, артынан өкініп жату кімгеде болса жақсы емес.

Өмірді өксітіп алу деген сол. Сондықтан отбасын құру үшін әбден ойланып, толғанып, қыздың кім екенін біліп алған артық болмайды емес пе? Менкі дұрыс па, жоқ па?

Шалқар Жексен