"Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді". 
Мақал 

Әр адамның өз энергетикасы болады. Оны кейбірі «аура» деп атайды. Әйел затының энергетикасы ерлердікіне қарағанда жиірек құбылып тұрады. Оның көңіл-күйі жаман болса, ерінің де көңіл-күйі сондай болатынын байқадыңыз ба? 

Әйелдердің энергетикасын қалыпта ұстау үшін не істеу керек? 



Қарым-қатынас 

Әйел заты біреумен тіл табысып, шер тарқатпаса, көңіл-күйі түсіп, тіпті күйзеліске ұшырауы мүмкін. Өзінің ішіндегін біреуге айтып, кеңес естуді қажет етеді. Жақын құрбысымен тілдессе, энергетикасы көтеріле түседі. 

Көз жасы 

Сезімтал жанның әр нәрсеге көңілі босап, көз жасын төгуі қалыпты нәрсе. Біреу ренжітсе, қуантса, қорқытса немесе бір бейнебаян, шағын видео, фильм, сериал көріп, жылап алуын ақымақтық деп санамаңыз. Керісінше, дұрыс әрі қажет деп біліңіз. Сезімді, ойды іште сақтау дұрыс емес. Ол іште жиналса, денсаулығыңызға әсер етеді. 

Мейірімділік 

Нәзіктік пен сезімталдық қыз баланың болмысына тән нәрсе. Қайырымдылық – энергияны көтеретін үлкен күш. Әрине барлық адамға көмектесу мүмкін емес. Жақындарына, таныстарына (өзіне зиян болмайтын болса) қолынан келгенін жасаса, энергетикасы тазарып, жақсара түседі. 

Ән айту 

Дауыстап ән айту – адам ішіндегі ызаны тарқатады. Егер жақын адамыңызға ренжіп, ызалансаңыз, оған айғайлап, ұрыс шығарудың орнына ән айтып алыңыз. Сонда біраз босаңсып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Ыза, ашу, реніш – энергетиканы ластайтынын ұмытпағайсыз. Ал энергетиканың тазалығы ең алдымен өз денсаулығыңыз үшін пайдалы. 

Физикалық белсенділік 

Егер тез шаршайтын болсаңыз, спортпен айналысуды бастаңыз. Фитнес, йога, аэробика, бимен айналысудың бірнеше жағымды жақтары бар. Біріншіден, денсаулығыңызды түзейсіз. Екіншіден, іште жиналып қалған «қажет емес энергияны» сыртқа шығарасыз. Үшіншіден, өзіңізге сенімді бола бастайсыз. 

Күтім 

Энергетиканы тазартатын бірден бір әдістердің бірі – тазарту. Біріншіден, өзіңізден бастаңыз. Дүкеннен жұпар иісті сабын, гельдер, жақсы скраб пен бетке, шашқа, денеге арналған лосьон, маскалар сатып алыңыз. Демалыс күнін «спа күні» деп жариялап, аталған құралдарды пайдаланып, өзіңізге күтім жасаңыз. Бұл көңіл-күйіңізге, өзіңізге деген сенімді арттыратыны анық. Екіншіден, жан-жағыңызды тазалаңыз. Расында да адамның айналасы оның көңіл-күйіне ғана емес табысына да әсер етеді. Сол себепті киімдеріңізді, заттарыңызды, жататын бөлмеңізді, үйіңізді жақсылап, жуып, тазалап шығыңыз. «Керек болып қалар» деген қажетсіз нәрселерді, жыртық, ластанған киімдерді қоқысқа тастаңыз. Үйді тұзды сумен жуып шығыңыз.