Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасын «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры»  табысты жүзеге асыруда. Жоба аясында «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған еріктілер топтары жан-жақты бағытта іс-шаралар атқаруда.

 

Мысалға «Ардагерлерді ардақтайық» еріктілер тобы «Қарттармен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі» интернатта «Қарттарым асыл қазынам!» атты және «Ардагерлер» үйінде «Қарттарым қадірлі» атты концерттік бағдарламалар өткізді. Шарада Сырдың жас өнерпаздары сахынада өнер көрсетіп, ардагерлерге қуанышты сәттер сыйлады. 

 

Еріктілерді оқытуда, біліктіліктерін арттыруда маңызды. Еріктілерге арналған «Эффективті ойлау дағдысын қалыптастыру», «Критикалық ойлауды әрекетте жүзеге асыру» тақырыптарында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Еріктілер мұнымен қоса 20 жуық ҰОС, тыл, жалғыз басты ардагерлердің аула тазалығына, қыс келгелі аулаларын қардан тазартуға өз үлестерін қосып келеді.

 

 

«Балалар біздің болашағымыз» еріктілері үйден оқытылатын 20 дан астам оқушылардың үйінде болып, бірге сурет, салып, қызықты ойындар ойнатып көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.