Компания мессенджердің мұндай нұсқадаға смартфондарда жұмыс істемеуінің себебін техникалық эксплуатация мерзімінің өтіп кеткендігімен түсіндіреді.

WhatsApp мессенджері 1 қарашадан бастап 4.1 Android және 10 iOS нұсқасынан төмен ескі телефондарда жұмыс істемейтін болды. Өзгерістер туралы WhatsApp ресми сайтында жариялады.

 Ондағы мәліметке сәйкес, 1 қарашадан бастап қосымша Android смартфондарында операциялық жүйесі 4.1-тен төмен емес және  iPhone iOS 10-нан жоғары модельдерден бастап жұмыс істейді. Одан ескі гаджеттерді WhatsApp бағдарламалық қамтамасыз етуден бас тартты. Компания мессенджердің мұндай нұсқадаға смартфондарда жұмыс істемеуінің себебін олардың техникалық эксплуатация мерзімінің өтіп кеткендігімен түсіндіреді. Сайт мәліметінше, олардың процессорының қуаты көптеген жаңа бағдарламаларды жүктеуге қауқарсыз әрі аккумуляторы әлсіз.

ktk.kz