Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.