Өткен тәулікте 82 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы. 
11 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 752 адам коронавирус инфекциясынан (–1 573+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда,

1 622 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.