Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты еңбек өтілін есептеу кезінде жас балаларға күтім жасау уақытын есепке алу тәртібіне түсіндірме берді.
Бұл түсіндірме Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына қатысты болды, онда жұмыс істемейтін аналардың ғана жас балаларға күтім жасау уақыты еңбек өтіліне қосылатыны көрсетілген.
Конституциялық Соттың шешіміне сәйкес, еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ата-ананың қайсысы болмасын, жас балаларға тікелей күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне қосылады. Бұл шешім ата-аналардың бала тәрбиесіндегі тең құқықтары мен міндеттерін ескере отырып қабылданды.
Бұл шешім ата-аналардың бала тәрбиесіндегі тең құқықтары мен міндеттерін ескере отырып қабылданды. Конституцияға сәйкес, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылады, ал неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болады.
Осылайша, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ата-ананың қайсысы болмасын, жас балаларға тікелей күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне қосылады.