Ақтау қаласында 2025 жылғы 20-22 ақпан аралығында қар жауу ықтималдығы жоғары.
Жалпы, ақпан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанда аязды күндер жылы күндермен ауысып, қар жаууы, тұман және көктайғақ болуы мүмкін- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Сондықтан, алдағы күндері ауа райының өзгерістерін ескеріп, сәйкесінше киініп,алыс жолға шықпай, сақтық шараларын сақтаған жөн.
Қазақстан тұрғындары күрт континенталды климатты сезінеді: солтүстікте аязды ауа райы сақталады, ал оңтүстікте күн жылынуы күтілуде.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамында: "Елдің солтүстік аймақтарына антициклон әсер етеді – суық ауа массаларының әсерінен, ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райын сақтайды. Бірақ оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді – баяу қозғалады, ол күндізгі уақытта ауа температурасының біртіндеп +10+15° дейін көтерілуіне әкеледі"