Семей қаласында жоғары сынып оқушыларының 6-сынып оқушысын соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Абай облысының полиция департаменті оқиғаға қатысушыларды анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.

Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне алынып, олардың тәртібі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияда қаралатын болады. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше назарында.