Бұл айда Вильгельм Гауф, Джонатан Свифт және Арнольд Цвейг сияқты жазушыларымыздың мерейтойлары  аталып өтілмек. Cондықтан  шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылықтары жайлы «Әдеби Мерейтойлар» атты гид кітап-көрмесін. дайындаған болатын.

Сіз білесіз бе?

Вильгельм Гауф (1802-1827) - 1802 жылдың 29 қарашасында Штутгарт қаласында дүниеге келген. В.Гауфтың шығармашылығы озық неміс қоғамының ұлттық тарих пен мәдениет мәселелеріне, Германияның демократиялық трансформациясы мен бірлігі үшін және қазіргі заманғы күрестің қиындықтарына назар аудару жағдайында дамыды. Өзіннің қысқа өмірінде «Карлик Нос», «Кішкентай Мук», «Елес-Кеме», «Суық Жүрек» сияқты көптеген қызықты шығармалар жазды.

Джонатан Свифт (1667-1745) - ағылшын-ирландиялық жазушы-сатирист, публицист, философ, англикан діни қызметкері, 1667 жылы 30 қарашада Дублин қаласында дүниеге келді. Оның танымалды шығармалашылықтарының тізіміне «Гулливердің саяхаты», «Стеллаға арналған күнделік», «Бөшке ертегісі», «Кітаптар шайқасы» атты  кітаптары кіреді.

Арнольд Цвейг (1887-1968) - 20 ғасырдың танымал прозалық, неміс жазушысы, ол 1887 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен А. Цвейг майданға аттанады, Сербия, Бельгия, Литва елдерінде қызмет етеді, Вердунда соғысады. Соғыста көрген  үрей-қорқыныштарының соңында оны неміс социалистік патриотке және пацифистке айналдырды. 1914—1918 жылдарында өткен оқиғалар аясында «Ұлы ақ ерлер соғысы» деп аталатын романдар сериясы жарыққа шыққан болатын, бұл жазушының бүкіл өмір бойындағы жасаған ең басты шығармаларының бірі болып саналады. Бұған сонымен қатар, келесі кітаптардың тізімдері кіреді: «Гриша унтер дауы», «1914 жылғы жас әйел», «Верденде білім алу», «Таққа отырғызу», «Тыныштық»,«Уақыт келді» және эмиграцияда болған кезінде «Вандебек балта» атты шығармасы жарыққа шыққан еді.

«Бір ел - бір кітап» акция аясында қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бұл гид кітап-көрмеміз оқырмандарымыз танысуда.

Ең құнды кітаптар, адамдарды көп ойлауға шабыттайды.