Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
әскери қызметшілері қорытынды тексерістен өтті. Шара 2016-2017 оқу
жылдарын қорытындылап, жаңа оқу жылына даярлықты пысықтау
мақстында ұйымдастырылған.

Алғашқы күні Қорғаныс істері жөніндегі
департаментіне басқарма, бөлімдерден жиналған әскерилер Мемлекеттік
құқықтық даярлық пен жарғылар бойынша жыл бойына оқып білгендерін
практикалық түрде көрсетсе, келіс күні дене даярлығы мен оқ ату шеберлігі,
сапта жүру бойынша біліктіліктерін көрсетті. Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығы тексерісті өзі қадағалап, жеке құрамның ішінен
нысананы көздеп, құралайды көзге атқандарды да өзі іріктеді. Қорытынды
тексерудің мақсаты жергілікті басқару органдарының жауынгерлік даярлығы
мен қабілетін анықтау. Кемшіліктерді келесі оқу жылында болдырмау.
Қарулы Күштердің 25- жылдығына жоғары жауынгерлік даярлық деген
ұранды басшылыққа алған офицерлер мен келісімшарт қызметкерлері үшін
аталмыш сынақтар қиындық тудырмады. Бүгінде Қазақ әскері  ел басына
күн туса, етігімен су кешіп, иығына бес қаруын асынып, қандай жағдай
болмасын елді қорғауға дайын болуы қажет. Осы сынақта әр әскери
қызметшінің кәсіби біліктілігі мен жауынгерлік даярлығы сүзгіден өтті десе
де болады.