Бүгін Отырар телеарнасындағы "Ерекше жандар" бағдарламасының кезекті қонағы жас талант, республикалық "Жұлдызай", "Үмітің үзілмесін" байқауларының жеңімпазы сонымен қатар ұлттық спорттың күрес ойындарының чемпионы № 1 саңырау балалар мектеп интернатының 10 сынып оқушысы ,Ұлық Ерсұлтан және жетекші маманы, Райхан Қуанышбайқызы қонақта болды. 

       Сұхбатты ,Ербек Бакиев яғни мен жүргізіп, түрлі сұрақтар қоя отырып таланттың жансырына тереңірек бойлағым келді. Бала жасынан ым ишарамен ән айтып қана қоймай күреске де көңіл аударып жүрген жас өрен өз арман мақсаттарыменде бөлісті. Жетекшісі ,Райхан Қуанышбайқызы да, Ерсұлтанның қабілеттілігін байқап әртүрлі жарыстарға баптап өнер бәйгесіне қосып келеді. 

     Жетекшісінің айтуынша жақында министір Т.Дүйсенованың арнайы алғыс хатымен марапатталып, өте зерек болып өсіп келе жатқан алғыр жігіт ,Қазақстанның мықты азаматы болып елге адал еңбек етуді мақсат еткен екен. Сөз соңында осындай қайсар жігітке таусылмас күш қайрат пен мықты денсаулық тілеп қортындыладым.