15 қараша Ұлттық валюта күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒ кітапханасы «Теңге шежіресі» атты тақырыптық сағат өткізді. Тақырыптық сағат Көкшетау қаласы  Бурабай колледжінде өтті.

Ақша деген не, қайдан шыққаны жайлы, теңгенің шығу тарихы туралы ақпарат беретін слайд-шоу, бейне материалдар көрсетіліп, жүргізуші Ұлттық валюта күнімен баршаларын құттықтап, студенттердің берілген тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында викториналық ойындар ойнатты.  Қатысушылар бар білгендерін ортаға салып, пікірлерімен аламаса отырды.

Қатысушылар саны: 50 адам