15 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒ кітапханасында Облыстық Халық шығармашылық орталығымен бірлесе ұйымдастырған "Қазақ дейтін қасқа айғырдың құлыны ем..." атты ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің Гран-При иегері Дəулеткерей Кəпұлының оқырмандармен кездесу кеші өтті.

Кешке қалың студент жастар мен облысымыздың жас ақындары, қаламыздың зиялылары қатысты. Қаламыздың құрметті азаматы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы  Алмас Темірбай сияқты ағаларымыз кештің құрметті қонақтары болды. Қайыргелді Әкімбеков Бұқпа газеті редакциясының директоры кеш иесі Дәулеткерей Кәпұлына шапан жауып, игі тілектерін айтты. Автор өлеңдерін оқып, жастармен біраз сыр шертіп, оқырмандарын риза қылды. Кеш соңында автор кітапханамыздың «Құрметті оқырманы» деген сертификатқа ие болып, өз оқырмандарымен, ақындық жолын қуған жас ақындармен суретке түсіп те үлгерді.