16 қарашада ҚР Бас прокуратурасы алаңында құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен Астана қаласында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Еліміздің прокурорлар мен заңгерлер қауымы прокуратура органдарының ардагері, заң ғылымдарының докторы, профессор, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің 90 жылдық мерейтойын конференция аясында атап өтуде.

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, ҚР Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукин, «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департамент басшысының орынбасары Қайрат Тоқсанбаев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукин жиынды ашқан уақытта Қалауша Бегалиевтің заңгерлік білім беру және құқықтық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқандығы, профессордың қаламынан заманауи құқықтың дамуының өзекті мәселелеріне арналған іргелі еңбектер шыққандығы, еліміздің қылмыстық-процестік заңнамасын әзірлеуге белсенді атсалысқандығы жайында айтып өтті.

Қарауша Бегалиев – қазақстандық прокуратура тарихындағы өшпес ізін қалдырған маңызды тұлғалардың бірі. Талантты басшы, көп қырлы кәсіби маман, прокурор және ғалым. Отыз жылдан астам уақытын қадағалау органдарында қызмет етуге жұмсап, соның ішіндегі 20 жыл бойы Бас Прокурордың орынбасары қызметін атқарды.

Конференцияның күн тәртібі бойынша қоғамдық қызметті қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес мәселелерін талқыланылды.

Қайрат Тоқсанбаев конференцияның «Жаңа экономикалық жағдайларында сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты 5 секциясында лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға байланысты баяндамасымен сөз сөйледі.

«Кәсіпкерлер мемлекеттік органға жүгінген уақытта тек өтінішті қабылдағандығы жайында хаттан артық ешқандай өзгерістерге жете алмайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті кәсіпкерлер көмекті басқа мекемелерден іздеуге мәжбүр. «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыс жасап бастағалы нәтижелі көрсеткіштерімен көзге түседі. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнай есептер комитетінің мәліметіне сәйкес, ҚР барлық мемлекеттік мекемелеріне 2016 жылы кәсіпкерлер тарапынан жалпы саны 3892 шағым түскендігі белгілі. Бұл көрсеткіш«Атамекенге» түскен шағымдардан 46 пайызға аз», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департамент басшысының орынбасары.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізілетініне қарамастан шешілмеген сұрақтар тізімі баршылық.

«Атамекенге» түсетін шағымдар саны азаяр емес. Сол себепті біз өзге мекемелермен ынтымақтастық меморандумдар мен келісімдерге отырамыз. Аталған мәселелер бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен жұмыс жүргіземіз. Негізі бар шағымдарды қайтарған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту мақсатында жұмыс жасаудамыз», – деп Қайрат Тоқсанбаев.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов құқық қорғау органдарымен, азаматтық қоғаммен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жасау арқылы ел заманауи әрі бәсекеге қабілетті болу үшін құқықтық мемлекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізуіміз қажеттігін айтып өтті. Тәуелсіз мемлекеттің басты байлығы – адам, адамның өмірі және құқығы болуы тиіс.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарының алдын алу мен ескерту жұмыстарын жүргізу, құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру мәселелері бойынша белсенді пікірталас жүргізілді. Сондай-ақ терроризм мен экстремизмге, сыбайлас жемқорлық пен ұрлауға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыға салынды.