16 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш ардақтылары» атты тақырыптық-танымдық кеш өтті. Кешке қалың жастар қауымы жиналды. Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш ардагерлері жайында ақпарат берілген слайд, бейне материал көрсетіліп, «Алаш мұрасы және Қазақстан тәуелсіздігі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, тарихымызды жастарға насихаттап, дәріптеу барысында кітапты оқуға шақыру мақсаты іске асырылды.

Келген оқырманның танымдық ақпаратты саналарына нықтап сіңіру үшін, көрмеде берілген кітаптарды қолдарына алып, өздеріне ұнаған бөліктерін дауыстап оқып, түсінгендерімен қоса, ой-пікірлерімен де бөлісе отырды. Ең бастысы кітап оқу арқылы білімді, жан-жақты бола алтындарына тағы бір мірте көздері жетті деген ойдамыз. Алаш ардақтылары жайлы біраз мәліметтерге ие болған жастар Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың өлеңдерін мәнерлеп оқып та алды. Соңында естелік суретке түсіп, үйлеріне оқуға кітап алып, кітапханамыздың оқырмандар саны арта түсті.

Кешке 80 адам қатысты.