Жетісу облысында сүт шаруашылығы дамып келеді. Заманауи үлгідегі тауарлы сүт фермаларының бірі Ескелді ауданы Көкжазық ауылында орналасқан. Бұл Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы,оның І кезеңі сәтті жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда фермада 270 бас сүтті Гольштейн тұқымы бар.

 

Кәсіпкерлер Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков және Алматы қаласы ӨКП төрағасы Әуез Тәймбетов, сондай-ақ ауданның мемлекеттік органдарымен «ашық диалог» форматында кездесті. Кездесуге қатысушылар индустриялық аймақ аумағында жер учаскесін алу, базарларды жаңғырту мәселелерін талқылады.

 

Түркістан облысында жыл басынан бері ата-анасының қарауынсыз қалған 9 бала суға батып кеткен.

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев мәлімдеді. Түркістан облысында тек биылдың өзінде 14 адам суға кеткен.

 

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

 

Танымал ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті.
 
Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында дінтанушы, журналист Ардақ Байғабыл жазды. «Жатқан жері жайлы болсын ағамыздың. Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын Сізді ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды», - деп жазды ол.