Ақтауда 25-қазан Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды  el24.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға 10-нан астам мотоцикл жүргізушісі қатысты. Мотошеру Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Маңғыстау жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Қазгидромет ел аумағында 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

"Еліміздің басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, екпінді жел соғады.

 

Теолог мамандардың қорытындысына сәйкес, азамат ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған, деп хабарлайды inform.kz.

Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен хаттама толтырылып, сот шешімімен 50АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады.

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған.

 

30 тамыз - Қазақстанның Конституциясы күні. Атаулы күнге орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті алқылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі "Мен Конституцияны жатқа білемін!" конкурсын өткізді.


Шараның мақсаты - Конституция күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді.