Елбасымыз, Партия төрағасы Н.Ә. Назарбаев елімізде бұқаралы спорттың дамуына ерекше назар аударып келеді. Еліміздегі аймағымыздағы заманауи үлгідегі спорт кешендері, спорт объектілерінің салынуы соның айғағы деуге болады. Жуырда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Олимп шыңын бағындыр» атты имидждік жобасы бастау алды. Жоба мақсаты елімізде қысқы спорт ойындарын дамытуға үлес қосу және Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстандық спорт саңлақтарына қолдау көрсету. Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде

 

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша өткізген инвесторлармен кездесу жиынында Алматы облысы әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Алматы Тау» Алматы өңірі туристік кластерінің қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде облыс басшысы А. Баталов Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторлар тартуға, соның ішінде туризм саласын дамытуға өңірде ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

Бүгін облыс әкімдігінде аудан, қала әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиында Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді орындау мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда облыс әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық өсімі өткен жылдың қорытындысы бойынша 4 процент, инфляция 7 процент төңірегінде болғанына тоқталып, алдымызға бұдан да жоғары міндеттер қоюымыз керектігін тапсырғанын айтты.

Ақтөбе облысының 2017 жылғы қорытынды жиналысына қатысқан шенеуніктер ұйықтап қалды. Ұйықтаған қатысушылардың бірі суретке түсіріп алған басылымнан ақша талап етті. Газеттен өзінің ұйықтап отырған суретін көрген ол жергілікті «Диапазон» басылымына хабарласып, талап қойған.

Облыстық қорытында жиналысқа қала, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Онда өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,5 триллион теңгеге дейін өскені, бірақ ол қаржының қандай өндіріске жұмсалғаны турлы жауап бере алмай, неге облыста газ тапшылығы болғаны, неге азық-түлік пен бензин бағасы қымбаттағаны туралы айтылып жатты.

Бұл ереже 15 ақпаннан бастап күшіне енеді .
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстандағы жедел жәрдем көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді .
Жедел жəрдем стансаларының дипетчерлері жаңа ережеге сай "103" пультіне түскен денсаулығы бұзылғаны туралы хабарламаларды тіркейді . Диспетчер шақыру түскен кезде мына ақпараттарды тіркейді :
- пациенттің тегі , аты , əкесінің аты , жасы мен жынысы ;
- пациенттің жағдайы мен апат болудың , жарақат алудың жəне сырқаттанып қалудың жағдайлары туралы ;
- пациенттің тұрағы мен байланыс телефоны , ол жерге жету бағыты туралы мәлімет .