- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектепте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күні аясында «Тіл – рухани қазына» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Үш тілде өткен шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, түрлі этнос өкілдерінен құралған жоғары оқу орындарының студенттері мен қала мектептерінің оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
- Подробности
- Категория: Бүгін
«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен қаладағы Жасмин мейрамханасында кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
Салтанатты кешке облыстағы кәрістер этносы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ-сі директоры Уалихан Ибраев, орынбасарлары Рахима Ахметова, Асылбек Жұмабаев, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким және өзге этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері сөз сөйлеп, кәріс халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелеріне сый сияпат көрсетілді.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Масленица мерекесі халқымыздың асыға күтетін мерекелерінің бірі. 18-ші ақпанда Достық үйінің фойесінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Биылғы жылы наурызда қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Подробности
- Категория: Бүгін
Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласына орай «Туған жер» жобасы бойынша қазіргі қазақ әдебиетінің үш буын – аға, орта, жас буын өкілдерімен «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты әдеби кеш өткізілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге туған жерден жырақта жүрген Жетісу өңірінің перзенттері, бүгінде көпке танылып, әдебиеттің белді өкіліне айналған қаламгерлер шақырылды. Облыста Тіл басқармасының бастамасымен тұңғыш рет қолға алынып жобаға белгілі жазушылар Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, жас ақын Айнұр Төлеу қатысты.
Страница 61 из 91
Соңғы жаңалықтар
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
- Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
- Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
- Елордадағы әскери базада бір сарбаз жарақат алды
- Қара құрдым: Ғаламдағы ең құпиялы құбылыс
- Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru