Жұмбақ ауыл
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Тылсым дүние
Жұмыс бабымен екі жігіт Калининградқа іссапармен баратын болдық. Алғашында пойызбен баратын болғанбыз. Кейіннен қасымдағы серігім көлікпен барып қайтайық деп ұсыныс айтты. Ондағы ойы – Калининградтан сәл әріде тұратын ата-анасына да барып қайту екен. Мен келістім.
Белгіленген күні екеуміз жеңіл көлікпен жолға шықтық. Егер ешқайда бұрылмай, тура жүрсек, шамамен 8-9 сағатта Калининградта боламыз. Бұл екі араға көлікпен алғаш жүруіміз болғандықтан жолға таңертең ерте шықтық. Үш сағаттай жүрген соң серігім машинаның жанармайы азайғанын айтып, «жанар май құю стансасы» деген белгіні жіберіп алмай, мұқият қарап отыруды тапсырды. Жақын маңда ауыл көрінбейді. Май бітсе, далада қалатын түріміз бар.
Әкемнің аруағы ажалмен арпалысып мені аман алып қалды
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
ТЫЛСЫМ ДҮНИЕ
Таяуда бір кісінің "аруақ деген адамдардың ойдан шығарып алғаны" дегенін естідім. Қонақта отырып дауласуды жөн көрмедім. Бірақ сол кісінің сөзі еш есімнен кетпей қойды. Сондықтан аруақтың бар екеніне дәлел болатын өз басымнан өткен оқиғаны "Алаш айнасына" жазып отырмын. Егер сол кісі менің осы жазғанымды оқыса, аруақтың бар екеніне сенер деп ойлаймын.
Көрге түсіп-шыққан жігіт жайлы хикая
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Тылсым дүние, біз түсіне бермейтін жұмбақ әлем...
Жаратқанның құлдары имандылыққа әр түрлі жолдармен келеді. Бір адамдар туылғаннан иманды, енді біреудің басына таяқ тигенде, теперіш көргенде Тәңірісі есіне түседі.
Ал мен Алланың жолына бір-ақ күнде түскен мына бір жігіт туралы естіген әңгімемді баяндағалы отырмын. Алайда, ол адам Құран оқып, Құдай жолына түсер алдында көрге түсіп-шығуға мәжбүр болған екен.
Оқиға мынадай. «Отырған қыз орнын табады» деген рас қой. Қырыққа қарай аяңдаған бір құрбымызға жаратқанның жақсы бір күнінде құдалар келді. Ескірмейтін ескі дәстүр бойынша қызға сөз айттырып, сырға таға келіпті.
Күйеуге шығайын деп отырған қызды да, қызды алайын де жатқан жігітті де жақсы танитын едік. Осы екі достың бас қосуының өзі де Алланың жазуы деп білетін, өзінше бір хикая.
Өмірбекті тілден қалдырған қашардағы қара құбыжық
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Біз ол кезде 50-60 отбасыдан құралған совхоздың бөлімшесінде тұратынбыз. Совхозға дейінгі аралық 3-4 шақырым шамасы. Балалар бастауыш класты бөлімшеде оқып, бесінші кластан бастап интернатта жатып, совхоз орталығындағы мектепте оқитын. Интернатта жатып оқитын балалар сенбі күні түстен кейін үйге қайтатынбыз. Демалыс күні түстен кейін интернатқа қайта келеміз. Ол кезде бөлімшеге қатынайтын арнайы көлік болмайтын. Сол себепті көбінесе үйге жаяу барып қайтатынбыз.
Өліп тірілген адам
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
1996 жылы мен Атбасарда емшілікпен айналысып жүрген Алмас әулие дегенмен кездесіп, сөйлестім. Одан ем қабылдаған біреу «несін айтасың, ауруыңды әп-сәтте жұлып алады екен» деп аузының суы құри мақтады. Осыны естіп, сол тұста халық емшілері туралы жазып жүрген мен жұрттар әулие атаған әлгі азаматпен кездескім келді.
Алмас есімді емші жасы отыздардағы қырғыз жігіті екен. Қырғызыстанда туып өскен, сол елде тұрады. Өзінің айтуынша, екі рет өліп, тіріліпті. Алғашқы өлгенінде, ол кезде кеңес заманы екен, бір тәуліктей жатып, жерлеуге дайындап жатқанда тірілген. Оның айтуынша, оқиға былай болған.
Страница 427 из 668
Соңғы жаңалықтар
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
- Ыстамбұлда экономикалық жағдайға байланысты наразылық өтті
- 2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты