5.ҚАЙДА ЖҮРСЕҢ АМАН БОЛ

 

 

(Жалғасы)

әңгіме

Гүлді қай кезден бастап сүйіп қалғанымды есіме түсіре алмаудың өзіндік сыры бар. Гүл кластың старостасы(класком) болғанын айтып өттім ғой. Біздің кезімізде старостаға сөз айтпақ түгіл, ғашық болу күнә болатын.

(Гүл статусына "басты қатырма"-ны(не беспокоить) қойып қойып, жазуды бұрқыратып жатыр)

- И мен де 9-класқа жаңадан келген ем ғой, Баха, помнишь....

- Білем ғой

- Сонда дейім дә, Баха, екеумізді бір мектепке и бір класқа құдайдың өзі ап келген ғой, ия.

- Құдай қосқан ғой де...

- Да ты брось... Смайлик «smile» (күлімсіреді)

- Гүл, біз қанша уақыт махаббат құрдық сонда?

- Үш-ақ ай.

- Қойш...

- Менен басқаның бәрін ұмытып қалғасың-ау дейім.

- Жоқ, ұмытқам жоқ қой... Маған кө-ө-өп уақыт жүргендей көрінетін. Сонда бір жыл бойы қарап жүре бергенбіз бе?

- Сен ғой, өзіңше боп:-)

- Мен емес, сен ғой, өзіңше староста боп:-) (Баяғы мектептегідей, өмірімізге риза боп, әңгімені жіберіп отырмыз)

- :-D:-D:-D (күліп жіберді)

- Смайлик «grin» (мен де күлдім)

- Үш-ақ ай жүрген адамға ұқсамаймыз,ия, Баха?

- Өте өкінішті...

- Өкінішті дейсің, ертерек бастамадың ба енді?

- Ұялғам ғой...

- А ты по-о-оздно проснулся как тормоз:-)

- Ақымақ басым-ай, сол кезде білсемші... (Шынымен өкіндім, ұзағырақ жүргенде махаббатымыз мызғымастай берік болар ма еді)

- Зато, үш ай болса да, какая была любовь, не забываемая, пламенная, нежная и вечная! Әлі айтып бітіре алмай жатырмыз. Жан... ведь так? (Менің өкінішіме орай жұбата сөйледі. Махаббат деген - жұбату!)

- Ия, Гүл, біздің махаббатымыз - мәңгілік! Біздің махаббатымыздай махаббат адамзат тарихында болмаған!

                                                               *******

Мен де айтамын-ау, ә, болса болған шығар, кім білсін? Алайда дәл біздікіндей махаббат болмағанына бәс тігемін! "Қозы мен Баян", "Ромео-Джулетта"... Енді осылардың қатарына "Бақыт пен Гүл" деген махаббат дастаны қосылады, құдай қаласа... асықпаңыздар... Тіпті, олардікінен асып түсуі мүмкін.

Гүл екеуміз агентті мәңгілік сырласу мекеніне айналдырғандай едік. Басқа өмірді басқа ұрып, ұрымтал тұсты құр жібермей, агенттегі ағыл-тегіл әңгімеміміз жалғаса берді. "Батысым шығыс болып кетті" дегендей, күніміз түнмен, түніміз күнмен алмасып кеткендей-тін. Әңгімеміз тек қана махаббат жайлы...

- Мен сені қа-а-атты жақсы көрдім. (Гүл тағы да сезімге ерік берді) Баха, екеуміздің ең алғаш кездескеніміз есіңде шығар?

- Есімде ғой...

- Кереме-е-ет кездер еді ия.

- Иа, Гүл, жерде аппақ қар бар еді, біздің жүрегіміз де ақ кардай аппақ еді. Сен "менімен мәңгілік бірге боласың ба?" дедің, мен "ия" дедім.......

- Жан... қазір еске алсаң... жама-а-ан ия...

- Өкінішті ғой, бірақ... Біз мысалы сан жылдардан соң қайта хабарласа алдық. Бір-бірінің қайда, не істеп жүргенін, амандығын білуге зар болып жүрген ескі ғашықтар қаншама?!! (Бұл Гүлді жұбату үшін жазған далбасам еді)

- Да, жан... ты прав...

- Мұңая бермейікші, көп ұзамай кездесеміз ғой... (Жұбатам деп отырып, "кездесеміз" ғой деген сөзді қалай жазып жібергенімді өзім де білмейім)

- :-):-):-):-*:-*:-* ....... (Гүлдің қуанышында шек жок, "шаттанған", "любить еткен" смайликтер монитордың бетін басып кетті) Сен менің жанымсың!!! Бақытым менің!!!

- :-*:-*:-* ....... (мен де "сүйдім")

- Баха, екеуміз құшақтасып тұрғанда Асан ағамның ұстап алғаны ше? Смайлик «smile» (көңілденді)

- Есімде ғой, көздің отын жарқ еткізгені де есімде. Жыны жаман еді ғой ағаңның. Смайлик «smile» (күлдім)

- Заны... сол кезде ағама ренжідің бе, шыныңды айтшы.

- Жо-о-оқ, туған қайнағама қалай ренжиім? Смайлик «smile»

- Өй, заны... Сол түні ағам таң атқанша үйге кіргізбей қойды ғой.

- Жаным... (Қазір де шынымен жаным ашып отыр)

- Қыстың күні, как раз февраль(ақпан) айы еді ғой. Жаурап қа-а-атып қалдым. Сол кезде сені бекер қайтарып жіберген екем, ең болмаса құшақтасып жылынатын... Смайлик «smile»

- Үйге келмедің бе? Смайлик «smile»

- Иа саған, ағам шығып қалса өлтіретін еді ғой:-) (Гүл тәтті мұңға беріліп тоқтаусыз жазып жатыр) Әсіресе, аяғым қаты-ы-ып қалды. Тек таңға жақын мамам Асанға ұрсып жүріп әзер кіргізді үйге.

- Жаным... (Аузыма басқа сөз түсер емес)

- Помнишь, Баха, ертесіне ауырып сабаққа барамай қап ем ғой...

- Есімде жан... бәрібір кешке қайта барып ем ғой кездесуге. Смайлик «smile»

- Смайлик «smile» Ия, сен келгенде жазылып кеттім ғой... Смайлик «kiss»

- Жазылып кеткен жаным, сен жұмысты қойдың-ау дейім?) Смайлик «smile»

- Жо-о-оқ, Баха, жұмыс жүріп жатыр, сам себя хозяйн )) Қызметкерлерім мені түсінбей жүр. Обычно мен жұмыста қатайып алып, строгая болып жүрем ғой. Сенімен хабарласқалы бері өте көңілдімін. Менің көңілді түрімді көріп, олар да мәз. Смайлик «smile»

- Аа-а-а... рахат болып жатыр десей. Смайлик «smile»

- Ия, бі-і-ір қызық боп жатыр сөйтіп. Кеше бір қызметкерім "осы сіз компьютерде постоянно күлімдеп с удовольствием жұмыс жасап жатасыз, бұрын олай емес еді" дейді. Бір күлгенім-ай... Смайлик «grin» Қайдан білсін олар, менің сенің арқанда мә-ә-әз боп жүргенімді :-):-):-) ...

- Гүл, саған сәл болса да қуаныш сыйлай алғаныма қуанып тұрым!

- Енді айта берейіш, өткенде ұялып ем...

- Айта бер, жан... айта бер...

- Мынау күйеу, бала-шағасы бола тұра... ну енді өзің түсінесің ғой, Баха...

- Түсінем ғой...

- Тот раз айттым ғой, құдай саған бір рет жолықтырса ғой деп ойлап жүруші ем...

- Ия, жан...

- Сені кластастардан сұрағы-ы-ым келетін, бірақ ұялам... так же воспитывала нас... бірдеме сұрасаң, сразу шыға келеді ғой, "бұзылған" деп.

- Ия...

- Өмірімде саған ұқсайтын, даже манерасы ұқсайтын бір жігіт көрмедім ғой. Может маған солай ма?

- Мүмкін...

- 10-жылдық банкетке сені бір көруге бола барғам, сен келмедің... Жама-а-ан настроением түсіп кетті. Сосын банкеттен ерте кетіп қалдым да, баяғы екеуміз жүрген жерлерге бардым. Бір өзім.

- Күйеуің ше?

- Оны қалдырып кеткем... саған бола... сені бір көруге бола...

- Жаны-ы-ым... ол кезде мен қатты ауырып жүргем, бара алмадым ғой...

- Баяғы жерде түнімен сені күттім, как будьто ты придёшь...

- Жаны-ы-ым... Гүлім...(Тамағыма өксік кептеліп жылағым кеп отыр)

- Қасымда ешкім жоқ... Қараңғы түннен де қорыққам жоқ.

- ................................(Ал енді не істейім, Гүл тағы да мұңға батты)

- Солқылда-а-ап тұрып жыладым...

- ...............................(Гүлді оқып отырып, көз жасым клавиатураға тамшылап отыр еді)

- Гүл...

- Өй, заны... сол, саған "кел, кел" дейім...

- Жоқ, жан... барам ғой.

- Келші бір... Болды сосын!

- Мақұл!

  Жалғасы бар...

  Ердос Қоныс (Бақыт Шәрәпи)