Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды

 

el24.kz Алматы қаласында студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында арнайы Ахуал орталығы ашылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, орталық жоғары оқу орындарындағы бос орындар туралы ақпарат беріп, студенттерге жатақхана табуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіруші алаң қызметін атқарады.

Ахуал орталығы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142 мекенжайында орналасқан. Мұндай орталықтар Астана мен Шымкентте де жұмыс істеп жатыр. Шымкенттегі орталық – 20, ал Алматыдағысы – 30 адамға дейін қабылдай алады.

Министрлік биыл студенттерді жатақханамен қамту мәселесін кешенді шешуді көздеп отыр. Ахуал орталықтары – осы бағыттағы пилоттық жобаның бір бөлігі.

Қыркүйектен бастап мобильді аударымдар қатаң тексеріледі: жаңа ереже күшіне енеді

 

el24.kz Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа салықтық бақылау ережелері күшіне енеді.

Бұл өзгерістер көлеңкелі экономикамен күресуді және тіркелмеген кәсіпкерлікті анықтауды мақсат етеді.

Қаржы министрлігінің ресми мәліметінше, жаңа талаптар жеке тұлғалардың атына келіп түсетін жүйелі мобильді аударымдарды сараптауға мүмкіндік береді. Егер белгілі бір шектерден асса, салық органдары кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарап, тексеру жүргізе алады.


 Қандай жағдайда тексеріледі?

Жаңа ережеге сәйкес, егер бір адамға қатысты келесі екі шарт орындалса:

  1. Бір ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан мобильді аударым келіп түссе;
  2. Үш ай қатарынан аударымдардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (МЗП) асып кетсе
    (2025 жылғы есеппен бұл шамамен 1 020 000 теңге),

онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қаралып, салық органдары бақылауына алынады.


 Кімдерге қатысты емес?

Қаржы министрлігі бұл талаптар:

  • Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы;
  • Әлеуметтік жәрдемақылар;
  • Несие немесе депозитке қатысты жеке аударымдарға
    қатысты қолданылмайтынын нақты атап өтті.

Сонымен қатар достар мен туыстар арасындағы қарапайым аударымдар да бақылау шегінен тыс қалады.


 Кәсіпкерлер не істеуі керек?

Жаңа ереже бойынша табыс тауып жүрген азаматтарға:

  • ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелу;
  • Сауда жасағанда POS-терминал немесе QR арқылы төлем қабылдау;
  • Төлем үшін фискалдық чек беру міндеттеледі.

Қаржы министрлігі бұл талаптардың тіркелмеген кәсіпкерлікпен айналысатындар үшін ғана енгізілгенін және қарапайым азаматтардың құқықтарын шектемейтінін мәлімдеді.


 Жаңа тәртіп қашан күшіне енеді?

 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап.

Осы күннен кейін жоғарыда көрсетілген талаптарға сай мобильді аударымдар күшейтілген салықтық бақылауға ілігеді.


Қыркүйектен бастап мобильді төлемдерге қатысты талаптар нақтылай түседі. Кәсіпкерлікпен айналысып, бірақ тіркелмеген тұлғалар үшін бұл – заң алдында жауапкершілікке тартылмаудың бір жолы. Ал қарапайым азаматтар үшін алаңдауға негіз жоқ.

Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді

 

el24.kz 2025–2026 оқу жылы қарсаңында еліміздің білім беру саласында бірқатар жаңа өзгерістер енгізілуде.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінше, биыл оқу бағдарламалары жаңартылып, мұғалімдердің жұмыс жүктемесі мен мектеп формасына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер оқушыларға да, ата-аналарға да, ұстаздарға да қатысты.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады, 31 мамырда аяқталады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу аптасы сақталып отыр. Алғашқы жеті күнде олар жеңілдетілген режимде оқиды.

Жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндерінің мазмұны тереңдетілді. Сонымен қатар бағалау жүйесі де жеңілдеп, тоқсандық бақылау жұмыстарының саны азайтылды. Енді әр пәннен оқушылар жоба жұмыстары мен практикалық тапсырмаларды көбірек орындайды. Бұл оқушының ойлау, талдау қабілетін арттыруға бағытталған.

Мұғалімдердің апталық жүктемесі кәсіби стандартқа сай қайта қаралды. Енді дәптер тексеру, қосымша сабақ өткізу сияқты жұмыстарға арнайы ақы төленеді.Бұрынан бар жүйе күшейтілді.Электронды журнал жүргізу де жеңілдетілген.

Мектеп формасына қатысты да бірқатар ереже өзгерді. Министрлік ата-аналарға мектеп формасының міндетті екенін, алайда қымбат киім алудың қажеті жоқ екенін ескертті. Форманың түсі мен үлгісін мектеп кеңесі бекітеді. Діни немесе сәндік сипаттағы киім үлгілеріне жол берілмейді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жергілікті әкімдіктер тарапынан мектеп формасы тегін берілуде.

Балабақшаларда электронды кезек пен eGov.kz арқылы өтініш қабылдау жалғасады. Бастауыш сыныптарда цифрлық оқулықтар мен планшет арқылы оқу жүйесі кейбір өңірлерде пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігіне де ерекше мән берілуде.

Министрлік ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға шақырып отыр. Мұғалімдер үшін курстар мен сертификаттау талаптары да жаңартылды.

el24.kz анықтамасы
2025 жылы елімізде 7 700-ден астам мектеп жұмыс істейді. 250-ге жуық жаңа мектеп салынған. 1-сыныпқа 400 мыңнан астам оқушы қабылданады. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар үлесі 98 пайызға жеткен.

Маната асуында жаңа жол салынады

 

Маңғыстау ауданы аумағындағы Ман-Ата асуынан мал айдау жолының құрылысы басталды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі, қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзындығы 2 шақырым болатын жолдың құрылысын салу жұмысының мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы- мердігер «АЛАШ КОНСТРАКШН" ЖШС. Құрылыс жұмысын техникалық қадағалау «БатысМұнайҚұрылыс», авторлық  қадағалау «ТМ ЖобаҚұрылыс» мекемесі еншісінде.

Аталған жобаны облыс, аудан әкімдеріне шаруа қожалық иелері бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Маусым сайын шаруа жайымен ойдан қырға, қырдан ойға көшу кезінде республикалық маңыздағы жолдан мал айдап өтуге тура келетін. Ал, бұл жағдайдың малға да, көлік қозғалысына да өзіндік кедергісі  болып келді.

Айта кетейік, бұған дейін шаруалар ұсынысымен Бесбұлақ асуына жол салу жобасына мәслихаттың сессиясында  жобалық - сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөлінетін болды.

Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды

 

Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, күдіктілерді ұстады.

Бұрын сотталған күдіктілер Ақтөбе тұрғынын қорқытып, бопсалаған.  "Тергеп-тексеру барысында күдіктілер көлікті тартып алғандарын, оны қайтару үшін 2 млн теңге ақша талап ететінін айтқан. Күдіктілер жәбірленушіден ақша алып жатқан кезінде ұсталды.

Ішкі істер органдарына барлығы 15 адам жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден газ тапаншасы, бірнеше патрон, жиналмалы пышақ және ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді

                             фото видеодан скриншот жасалған

 Мұнайлы аудандық жаңа орталық ауруханада алғашқы сәби дүниеге келді. Бұл қуанышты сәт – Басқұдық ауылдық округінің 21 жастағы тұрғыны Жұлдыз Қуанышованың тұңғышын дүниеге әкелуімен есте қалмақ-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

150 орындық жаңа аурухана жақында ғана пайдалануға берілген болатын. Жаңа нысанның тарихындағы алғашқы босану табиғи жолмен өтті. Жас анаға акушер-гинекологтар мен неонатолог мамандар кәсіби көмек көрсетіп, босану барысы толық медициналық бақылауда болды.Сәбидің салмағы 3 келі 580 гр. Дәрігерлер ананың да, баланың да жағдайы жақсы деді. Ата-әжесі тұңғыш немересіне Нұрхан есімін қойды.

Аурухана директоры Жанар Есенғалиқызы мен басқа да дәрігер, медбикелер жаңа туған нәрестенің анасы мен әжесін арнайы барып құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

Айта кетейік, жаңа аурухана ана мен балаға қолайлы жағдай жасауға, аудан тұрғындарына қолжетімді, заманауи медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

 

Танымал  телерадио жүргізушісі   Аман Тасыған, жаңа жобасына"Қалаулымдағы"  Замираны  алып шығу себебін,анайы сұрақты не үшін қойғанын айтып берді.

Жаңа –жылдан бастап  жаңа жоба,жаңа канал- "Talk Like AMAN  TASYGANMEN" көрерменге жол тартты.Бұл қандай жоба?

- Біз мойындамауға тырысып бақсақ та,ғаламтор ғасырында өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан ғаламторды қолданушылар әзір өте көп.Телеарна немесе радио арқылы шығып жатқан сәтті бағдарламаларды жастар арнадан емес,ғаламтордан қарайды.Сол себепті ғаламтор қолданушыларына арнап,қалтамнан қаражат шығарып «TALK LiKE» жобасын ұсынуға кірістім.Әзіргі уақытта жастар елге еңбегі сіңген,әдебиетте, өнерде,спортта тер төккен ағаларымызды танымай жатқан кезде өкінесің.Ал, аға буын жастардың үздіктерін мойындамайды және танымайды.Буын арасындағы алшақтықты жақындату мақсатында осындай қадамға барғым келді.Жоспар бойынша жобаның басы қатты,аяғы сәтті әрі тәтті болады.

  Бірінші қонағыңызға «Қалаулым»да жүрген Замираны не үшін  таңдадыңыз?

 -Алғашқы қонақ Замира болуының себебі.Мойындайық, мойындамайық әзіргі қоғамға Замираның немесе Замира секілді сұлулардың өмірі қызық болып тұр.Замираның көрермені келесі қонақтарымдікінен көп.Алдымен аудитория жасақтап алмасақ,жақсы жігіттер мен қыздардың ақылды әңгімелері ауаға кетіп қалады.Сондықтан алғашқы қонақ Замира сұлу болды.Жалпы Замирада жаман қыз емес.

 

-Бұл жүйелі жасалған  қара пиар ма?Замира сияқтылардан «мега жұлдыз» жасау,көпшіліктің  наразылығын тудырып жатыр.Сіздің айтар жауабыңыз?

- Бұл жүйелі әрі жоспарлы түрде жасалып отырған қадам.Замира маған дейін жұлдыз болған ару.Мен радиода алты жыл,телеарнада төрт жыл бағдарламаларды жүргізсем де, жарты жыл жұрт алдында жүрген Замирадай танымал емеспін.Келер апталардағы ойлары орамды меймандарымда Замирадай аса қатты танылған жандар емес.Сондықтан сәтті шыққан пиар болды деп бағамдаймын

 

- Замираны алып шығуда қандай мақсат көздедіңіз?

- Ол кім? Деген сұраққа жауап іздедім

 

-Тосынан қойылатын сұрақтар арқылы ,кейіпкерді ойлануға мұршасын келтірмей,барынша шынайы  келбетін ашу ма ?Әлде ешкімге ашпаған жан сырына үңілу ме?

- Құпиясын қопару басты мақсат емес,құпиялары қолға түсіп жатса тіпті жақсы.Адаммен адам секілді әңгімелескім келеді.Көп жағдайда телеарна немесе радиоға барған кезде көп  жандар қысылып қалып жатады.Жан жағыңнан төнген техника мен түнерген телемамандардың алдына жақсы жандар ашылғысы келмейді.Ал мұнда емен жарқын көңіл күй мен шынайы әрі анайы әңгіме бар.

 

-Өзіңіз айтпақшы «ұятсыз сұрақтар »қою арқылы халықтың көз –қарасын өзгертіп алудан қорықпайсыз ба?

- Елдің бәрі мені жақсы көруге міндетті емес.Мен ешкімге ренжімеймін,өйткені пікірі бар адамды құрметтеймін.Олар батыл адамдар.Негізі пікірі жоқ жандар қауіпті.Менің жақсы жағымды көргісі келетіндер болса мемлекеттің ақшасына жасап жатқан телеарна мен радиодағы еңбегімді көрсін.Егер мені жек көргісі келетіндер болса ютуб арнасындағы қалтамнан шыққан қаражатқа әзірлеген бағдарламаларымды қарасын.Құрметті көрермендер мен тыңдармандар ешқашан саналарыңызда пендеден періште жасамаңыздаршы.Әнші,спорты,жазушы,актер,журналист біздер бәріміз боқ көтерген пенделерміз.Жақсы жағын жарнамалап,жаман жағын жасырып жүрген мықтылар өте көп,мен олардай екі жүзді болғым келмейді.Қарапайымдылық пен шынайылық менің қанымда бар қасиет

-Сұхбатымызға  уақыт тауып   жауап бергеніңіз үшін көп рақмет

Сіздерге рақмет.Ақ қарасын анықтауға тырысатын журналистер аз қалды.Көбі шала ақпаратты таратуға асығып жүрген әріптестерім.Шеттеріңізден, сүйдім беттеріңізден!Жұмысыңыз  жемісті болсын.