Астанадағы жатақхананың бірінде белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады.

Бұл оқиға 9 қаңтар күні «Астана-1» теміржол вокзалына жақын маңдағы Диваев көшесінде болған. Болған оқиға Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарияланды. Әйел сол күні жұмыстан кеш қайтқан. Үйге кіруге жақын қалғанда белгісіз ер адам оны тарпа бас салған. Жерге құлатып, қылқындыра бастапты. Сол уақытта шыңғырған дауысты естіген көршісі далаға шыққан. Әлгі адам қашып кетеді. Әйел ауыр жарақат алып, оны ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар әйелге шабуыл жасаған ер адамды іздестіруде. «Бойы 170-175 см және 35-40 жастағы болатын ер адам ізідестірілуде. Сол күні ол үстіне қара куртка, басына бас киім киген. «Қарақшылық» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», – дейді Астана Полиция департаментіндегілер. 
 
Дереккөз: sn.kz