Атышулы "Келін" фильмі арқылы елге танылған, бүгінде танымал актриса Гүлшарат Жұбаева үй қызметшісінен қалай қалай кәсіпкерге айналғанын айтып берді. Актриса бүгінде 60-тан аса адамды жұмыспен қамтып отыр деп жазады NUR.KZ.


Гүлшарат Жұбаеваның сөзінше, ол осыдан 15 жыл бұрын үй қызметшісі болған.


Мен осыдан 15 жыл бұрын Құлсарыда Гүлшат апамның үйінде үй қызметшісі болғанмын десем сенесіз бе?


Басқа орта, басқа жер, бөтен адамдар жалындаған жас шағында осындай жұмыс істеу маған оңай болған жоқ. Өйткені мен музыкалық училищедегі, спорттағы өскен ортамды, анамның 40 қыз жұмыс істейтін тігін цехын, ауылдағы зәулім үйімізді, үйдің жанындағы кафе-магазинімізді басқарып, бастықтың ерке қызы болып жүрген кездерімді қатты сағынатынмын.


Гүлшат апамның үйінде суды ауладағы цестрнадан шелекпен үйге тасып, қолмен кір жуып, тамақ пісіріп, кейде постельдерін машинкамен тігіп одан қалса, сол үйдің балалары Абылай мен Айбек, Айданаларға кешке тренер болып төбелес үйретіп күнім өтіп жатты.


Сондай күндердің бірінде су тасып жүріп үйдің алдында құлап қалдым. Сол кезде тізем ауырмаған да болар мүмкін. Бірақ ызадан, тамаққа тығылып тұрған өксіктен жарылып жылағаным әлі есімде.


Мен не істеп жүрмін? Қайда жүрмін? Мен қандай биші болар едім (өйткені училищені қызыл дипломмен бітірдім мені хореография институтына емтихансыз алады деп жолдама берген еді)


Мүмкін мықты спортшы болар ма едім, енді мықты тренерлердің қолына түсіп едім.


Өкініш өзегімді өртеп бара жатты, өтіп жатқан уақытыма, жастық шағымның осылай өтіп жатқанына тоқтамай жыладым. Бұдан ары қарай осылай жалғастыру мүмкін емес еді", - деген актриса қазір мұны неге айтып отырғанын түсіндірді.

Актрисаның сөзінше, ең бастысы ниет пен талап. Себебі бүгінгі дәржеге жету үшін ол ешқандай кредит алмай-ақ, ешкімге алақан жаймай-ақ, жатақхананың аядай бөлмесінде өзіне киім тігуден бастағанын айтады.


"Аллаға мың шүкір алға қойған мақсаттарыма жетіп келемін. Қазіргі таңда өзімнің 0 ден бастаған Шабыт деген өз әлемім бар.


30 биші қыздарым, 8 жүргізуші жігіттерім екі админстраторым, сән салонымда он шақты қыз-келіншектер, тігін цехымда 12 тігіншім бар. Бас аяғы 60-тан аса адамға аз да, болса білгенімді үйретіп, жұмыс орын ашып, жергілікті қыз келіншектерді жұмыспен қамтамасыз етіп, айлықтарын уақтында кешіктірмей беріп, мемлекетке есеп беріп, салық төлеп отырған кәсіпкерлердің бірімін деп ауыз толтыра айта аламын", - деп сөзін түйіндеді ол.