14 маусымда Өскеменде Үлбі өзенінің жағасында адамның денесі табылды. 

Шығыс Қазақстанда Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков көз жұмды. Өлімнің алдын-ала себебі - найзағай соққысы. Ең алдымен полиция бөлімшесіне қала тұрғыны қоңырау шалып,өзен бойында бір адамның қимылсыз жатқанын хабарлаған. Жедел жеткен тергеу тобы 66 жастағы ер адамың денесін тапқан.

ШҚО бойынша алдын ала тергеу басталды, оның шеңберінде қайтыс болу себептерін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Марқұмның найзағай соққаннан кейін қайтыс болғаны айтылды. Сондай-ақ, денеде зорлық-зомбылықтың ешқандай белгілері болмағанын атап өтті. Марқұм Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданының экс-әкімі Тұрсынғазы Мұсапірбеков болып шықты.

Ол аймақтағы көрнекті саяси қайраткер. Мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 10 жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін Абай ауданын басқарды. 


ktk.kz