Ақмола облысындағы жеке үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

қа сілтеме жасап el24.kz ақпараттық порталы.


 12 ақпан сағат 10.15 кезінде Ақкөл қаласының кезекші пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. 

Шақырту орнына 2 бірлік техника және жеке құрамнан 7 адам дереу жіберілді. Оқиға орнына жеткенде газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде 3 адам жеңіл дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпегендіктен үйіне жіберілген. Сондай-ақ жану нәтижесінде жалпы ауданы 7 шаршы метр қазандықтың құрылыс конструкциялары ішінара зақымдалғаны анықталды. Өрт 10 сағат 24 минутта оқшауланып, 10 сағат 29 минутта сөндірілді.

Алдынала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасы жарылысына газ баллонын жылыту пешінің жанына қою себеп болған. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.