Қарағанды облысында екі адамның өліміне алып келген жол апаты болды,-деп хабарлайды  el24.kz тілшісі,Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 17 қыркүйекте Шет ауданында Ақой-Бұрма тас жолында 36 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен.  Кейін Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігі өртеніп кетті. Салдарынан жүргізуші мен 39 жастағы жолаушы – Данияр Турбаев, Қарағанды облысы полиция департаменті аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Аталған дерек полицияда тіркелді, сәйкес сараптамалар тағайындалды.