Алматыда мопед мінген курьер полицейді қағып, жасырынуға тырысқан. Бұл жөнінде el24.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 мамыр сағат 16:00 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында бас киімсіз жүрген мопед жүргізушісі байқалды. Ол тоқтау туралы талаптарға бағынбады. Одан сайын жоғары жылдамдықпен жүріп, жеке сектор арқылы жасырына бастады. Мопедистің әрекеті күдік тудырды. Сонымен қатар, ол жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірді”, – деді Алматы патрульдік полиция полкінің инспекторы Жәнібек Оразбаев.

Айтуынша, тұйық көшеде полиция қызметкері оны жаяу қуған. Сол кезде жүргізуші бұрылып, мақсатты түрде полицейге қарай бет алды. Осылайша оны соққан.

“Мен құладым. Ал мопедист бұл арада рөлін басқара алмай, кедергіге соққы берді. Содан соң ол ұсталды", – деді қызметкер.

Мопедист жеткізу фирмаларының бірінде жұмыс істейтін 23 жастағы курьер болып шықты.

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Іс ЖКО және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау фактілері тіркелді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.