Жетісу облысы аумағында ауыр жүк көлігі пойызбен соқтығысты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы 24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қаламаңы пойызымен соқтығысуға жол берді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексерілуде», - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. Осыған орай ҚТЖ жүргізушілерді қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.