Биылдан бастап Наурыз жаңаша тойланады. Ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мейрамы 10 күн бойы кең көлемде аталып, ел бойынша 10 мыңнан аса іс-шара өткізілмек. Мән-маңызы айрықша жаңару символы саналатын наурыздың бірегей логотипі де бекітілді. Үш қызғалдақ бейнеленген сурет өңірлерге бірыңғай безендірілуге жолданды.
Төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуді мемлекет басшысы тапсырған болған.
Енді 14 –ші наурыздан 23-і аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін тойлаудың сән-салтанаты бектілді. Мәселен ертең - көрісу күні, одан кейін қайырымдылық, мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім мен жаңару сынды күндер белгіленген.
Сонымен қатар, бұл аралықта сауда орындарында жаппай сатылымдар ұйымдастыру қарастырылылған «Наурыз-базарлық» маусымы өтпек. Қоғамды ұйыстырып, ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін мейрам ертеректе 8-9 күнге жалғасып, Наурызнама деп аталуы жайлы деректер ғұламалардың еңбектерінде молынан жазылған.
Сәбит Барлыбаев, ҚР МАМ мәдениет комитеті төрағасының орынбасары: — Министрлік Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылатын «Ұлы істің – Ұлы таңы» атты басты мерекеміз 21 наурызда Астана қаласының ЭКСПО аумағында өткізіледі. Мерекеде киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазір мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.