Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылып, анасымен қауышты Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.

Дереккөз: Kaz.inform.kz