«Самара-Шымкент» республикалық автожолының 794-шақырымында Хромтау ауданында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігінен өрт шықты. 

Көлік руліндегі 33 жастағы жүргізуші құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді. Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жалынды ауыздықтады.

Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. «Егер көлік жүріп бара жатқанда өрт шықса, жол жиегіне тоқтау керек. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек. Бүкіл жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарыңызды алып, өрт туралы 112 нөміріне хабарлаңыз», - деп ескертеді ТЖМ.