Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді.
Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады.  «Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті», - деп хабарлады қалалық соттан.
 
2024 жылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.