2025 жылғы 14 қаңтарда Ақтөбе қаласында 40 жастағы ер адам жеке үйде адамдарды кепілге алды. Полиция арнайы операция жүргізіп, кепілге алынғандарды босатты.

Өкінішке қарай, 67 жастағы анасы жедел жәрдем көлігінде, ал 75 жастағы өгей әкесі операция үстелінде көз жұмды. Зардап шеккен қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі. 

Жедел қызметтер күдіктінің бұрын кепілге алынған әйелмен таныс болғанын анықтады. Ол ешқандай талап қоймаған. Үш сағатқа созылған келіссөздер нәтижесіз болғандықтан, арнайы операция жүргізілді. Күдікті оқиға орнында тұтқындалды. Сарайдағы жертөледен пышақ жарақаттары бар әйелдің қарт ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді. 

Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.