el24.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өсім барлық түрдегі зейнетақыға — базалық, жасына байланысты және жинақтаушы бөлікке қатысты болады.
Министрліктің мәліметінше, индексация нәтижесінде:
-
ең төменгі зейнетақы 104 645 теңгеге дейін,
-
ең жоғарысы 238 412 теңгеге дейін жетеді.
Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері де артады — 110%-дан 118%-ға дейін көтеріледі.
Қазіргі таңда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады: ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады.
Министрлік мәліметінше, зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибелер зерттеліп, қосымша ұсыныстар әзірленіп жатыр.