2020 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ресми ақпарат жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырған 423 адам және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты", -делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

 
Қазақстанда қазіргі уақытта қанша науқас коронавируспен күресіп жатқаны белгілі болды деп хабарлайды kz.el24.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
 
Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады: Қазіргі уақытта қауіпті инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауда.
 
Маңғыстау облысында соңғы алты тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелмеген деп хабарлайды kaz.nur.kz . Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.
 
 Маңғыстау облысынан бөлек, коронавирус жұқтырғандар Шымкент қаласы, Қызылорда мен Ақтөбе облысында анықталмады.
 
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров Алматының жедел жәрдем қызметінің пандемияның жаңа толқынына дайындығымен танысты - деп хабарлайды kz.el24.kz порталы  Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 
 
Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспановтың айтуынша, қазіргі кезде 180 бригада жұмыс істейді екен.

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жұмабек Ержанов қала аумағында карантин мен шектеу шараларын екі аптаға ұзарту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында қаулы етемін: Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.