Алматыда Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды.

Жол апаты түнде Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында болған. Toyota көлігі Lexus-тің бүйірінен соққан, соңғысы қатты соққыдан жолда айнала бастайды, автокөлік жарықтандыру бағанына соғылып, жүз метрдей жерге ұшып түсіп, тоқтайды.

 Шамалған станциясындағы апат салдарынан зардап шеккен үш науқастың жағдайы әлі де ауыр.

Алматы облысындағы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Өмірзақ Ниязбеков Шамалған станциясында болған аварияда зардап шеккен адамдардың қазіргі уақытта қандай жағдайда жатқанын айтып берді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екі күндік мемлекеттік сапары аясында Ханчжоу қаласына келді.

17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 

Бішкекте 17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды. Апат Шыңғыс Айтматов даңғылында болды – Skoda көлігі мен №8 жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Президент бүгін Қытай зауыттарының салынуына қарсы наразылықтарға қатысты тіл қатты. «Қазақстан әрдайым ұлттық мүдделерді бірінші орынға қояды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: - Соңғы уақытта «жер шетелдіктерге сатылады екен немесе көрші елдің ескі 55 зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр.