Қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметіне сүйеніп.

 

Ең көп жолдама биатлоннан берілді, Қазақстан құрамасында  10 спортшы Пхенчханға барады. Командаға мына спортшылар енді: Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко. Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан мына сайыстар өтеді: спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета.