Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдан қола жүлде алды.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадаларға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Биылға дейін жеті жүлде алыпты (1 алтын, 3 күміс, 3 қола). Жалғыз алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов ұтып алған. Смирновтың еншісінде тағы да екі күміс, бір қола бар.
Одан бөлек, 1998 жылы Людмила Прокашева (коньки) қола жүлде, 2010 жылы Елена Хрусталева (биатлон) күміс медал, 2014 жылы Денис Тен (мәнерлеп сырғанау) қола алған.

Орта салмақ дәрежесіндегі америкалық боксшы Джермалл Чарло әйгілі боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz

«Келесі жолы кіммен айқасқа түскім келетінін білгілеріңіз келе ме? Мен Головкинмен және үлкен «Канеломен» жекпе-жекке шыққым келеді. Үлкен төбелес көрсетіп, оны өз қаламда өткізсем деймін», – дейді Джермалл Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.

 

Ертең Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындары басталады. Осы қысқы Олимпиада ойындарына 57 жолдама жеңіп алған 46 қазақстандық спортшы қатысады. Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түспек. 9-25 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарының кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

XXIII қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі – 9 ақпан, 17:00.

Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.

 

Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облысының үздік спортшыларына құрмет көрсетілді. Салтанатты кездесуде облыс әкімі Амандық Баталов спортшыларға марапаттар тапсырып, жаңа жеңістер мен биік белестер тіледі, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі А. Баталов өзінің кіріспе сөзінде мемлекет қолдауының нәтижесінде өңірде спортты дамытуға барлық қажетті жағдайлар жасалып отырғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы дене шынықтыру және спорт саласына жергілікті бюджеттен 8 млрд. теңге қарастырылса, биылғы жылы бұл сома 14 млрд. теңгеге жетіп отыр.

СОВЕТ ҚҰРАМАСЫНА КІРГЕН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ КОНЬКИШІСІ, 1952-1953 ЖЫЛДАРЫ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖҮЙРІКТЕРІ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН ӘЙГІЛІ СПОРТШЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ 12 ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ, СОВЕТ ОДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ БОЛҒАН ОРАЗ ҚАҢЛЫБАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Өткен ғасырдың көзі қарақты жанкүйерлері болмаса, бүгінгі жастар біле қоймайтын Ораз Қаңлыбаевтай дүлдүл конькишіміз болғанын бір еске түсіріп қойғанды жөн санадық. Ораз қиқулы додаға түскен кезде біздің аты аңызға айналған саңлақтарымыздың басым көпшілігі әлі мектеп қабырғасында жүрген болатын. Біздің есебіміз бойынша Ораз Қаңлыбаев барлық спорт түрлері бойынша Совет одағы құрамасына енген бірінші қазақ спортшысы.Ораз Қаңлыбаев совет құрамасының сапында 1953-1957 жылдары өнер көрсетті.