ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 16 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 7-шы күнгі нәтижелері Олимпиада-2018: Биатлоншы жігіттеріміз де жүлдесіз қалды Олимпиада-2018: Фристайлшы қыздар финалға шыға алмады Олимпиада ойындарының сегізінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды. Атап өтсек, спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шаңғымен трамплиннен секіру және шаңғы жарыстарынан сынға түсетін болады.

Жарыс кестесі: Мәнерлеп сырғанау Ерлер - қысқа бағдарлама: Денис Тен Басталуы сағат - 7:00-де

Тау шаңғысы Әйелдер - арнайы слалом: Мария Григорова басталуы 7:00, 10:45

Ерлер - супергигант Игорь Закурдаев Басталуы сағат 8:00

Шаңғы жарысы Ерлер, 15 км, Еркін стиль Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Басталыу - 12:00-де

Шаңғымен трамплиннен секіру Ерлер, - іріктеу Сергей Ткаченко Басталуы сағат 18:30-де.

Сағаттар Астана уақытымен көрсетілген.