Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдан қола жүлде алды.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадаларға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Биылға дейін жеті жүлде алыпты (1 алтын, 3 күміс, 3 қола). Жалғыз алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов ұтып алған. Смирновтың еншісінде тағы да екі күміс, бір қола бар.
Одан бөлек, 1998 жылы Людмила Прокашева (коньки) қола жүлде, 2010 жылы Елена Хрусталева (биатлон) күміс медал, 2014 жылы Денис Тен (мәнерлеп сырғанау) қола алған.

Галышеваның жүлдесі - тарихтағы сегізінші алқа.
Жүлде құтты болсын, қазақ елі!
Мықтыбек Оразтайұлы