Індет ошағы саналатын Қытайдың Хубей провинциясында коронавирустан қайтыс болғандар саны 249 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Хубей провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 7 153 адам тіркелді, 166 адам жазылып, ауруханадан шығарылды, 249 адам қайтыс болды", - делінген жергілікті билік хабарламасында.
Өткен тәуліктің өзінде провинцияда 1 347 жаңа жұқтыру оқиғасы, 45 өлім тіркелген және 50 адам ауруханадан шығарылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Бүкіл әлем бойынша сырқаттанғандардың саны 11 мыңнан асады.
Дереккөз : Tengrinews.kz