Қытайдың АҚШ-тағы елшісі Цуй Тянькай коронавирус індеті - биологиялық қару деген ақпарат жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытай елішісінің сөзінше, қазіргі күні ауру жайлы айтылып жүрген араңдатушылықтардың саны көп. Олардың бірі - вирус АҚШ немесе Қытайдың зертханасында қолдан жасалған деген ақпарат. 

"Бұл - нағыз сандырақтың өзі", - дейді дейді Тянькай. 

Десек те ол аурудың пайда болған ортасы әлі анықталмағанын айтып кетті. 

"Біздің зерттеушілердің пайымдауынша, ауру бір жануардан жұққан. Бірақ біз әлі зерттеуіміз керек", - деп қосты елші. 

Қытайлық саясаткердің айтуынша, вирус кез келген жерден пайда болуы мүмкін екен. Алайда ғалымдар жағдайды түзету үшін барын салуда дейді ол. 

Атап кетерік жайт, қазір коронавирустан көз жұмғандардың саны 908-ге жетсе, ауруды жұқтырғандардың саны 40,1 мыңнан асыпты. Ауруханадан 3281 адам шығарылған. Бір күннің ішінде індетті жұқтырып, жантапсырғандардың саны 97-ге артыпты.