Аэропорт қызметкерінің қателесіп қызды тексерген әрекетінің соңы үлкен махаббатқа ұласты, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Ол жолаушыны жасөспірім деп ойлап қалып, кездейсоқ қыздың төсіне қолжүгіртіп қойған. Бұл туралы Reddit-те ақпарат жарияланды.
"TifuthrowawayTSA4" аккаунтымен желіде тіркелген азаматтың сөзінше, жолаушы үстіне жемпір, бұтына кең шалбар киіп алған әрі қысқа шашты болған. Осындай сырт келбетіне қарап, аэропорт қызметкері қызды 13-14 жастағы жасөспірім бала де ойлапты. Қыз сканерден өткен кезде, тексеретін құрылғы оның "төсінде қауіпті зат болуы мүмкін" деген сигнал береді.
"TifuthrowawayTSA4" болса, алдында қыз тұрғанын білмей, оның киімі мен денесіне қолжүгіртіп, тыйым салынған заттарын қайтадан тексере бастайды. Сол кезде аэропорт қызметкері қыздың кеудесіне қолын байқамай тигізіп қойған. Осы сәтте ғана ол алдындағы жолаушы жасөспірім бала емес, бойжеткен қыз екенін бір-ақ білген. Ұялып қалған ол, дереу әйел жынысты қызметкерді шақырып, әлгі қызды тексеруді сұрап, қыздан кешірім сұрайды.
Ол жазбасында санкцияға байланысты қызбен әрі қарай танысуға бата алмағанын жазып, жұмыс уақыты біткен кезде әлгі жолаушының аэропортта екендігін біліп, одан тағы да кешірім сұрағанын айтты. Онымен қоймай, қыздың кешірімін алу үшін, кешкі асқа шақырған. Қыз аэропорт қызметкерінің ұсынысын қабыл алыпты. Содан бері олар қыз бен жігіт ретінде кездесіп келеді. Жақында олар қыз-жігіт болып араласып жүргендеріне жыл толғандығын атап өтті.