Екі компания жаппай көлік ұрлау кезінде зардап шеккен жүргізушілерге өтемақы төлейді.

 Hyundai мен Kia-ның Америкадағы бөлімшелері TikTok қолданушылары ұйымдастырған челлендж салдарынан зардап шеккен жүргізушілерге өтемақы төлеуге келісті-деп хабарлайды el24.kz тілшісі kolesa.kz ке сілтеме жасап.

Осы марка көліктеріне қалай оңай қол жеткізуге болатыны түсірілген видео тарап, ол челленджге ұласқаннан кейін автомобиль ұрлығы өршіген. New York Times басылымы компаниялар ұжымдық арыз бойынша сот болғанда ірі өтемақы төлейміз деп уәде берді деді.

Қылмыстық челлендждің алғашқылары 2022 жылы жазда болды. Сол кезде билік бірнеше штатта көлік ұрлайтындар күрт көбейгенін тіркеді. «Зардап шеккен көліктердің» көбінде иммобилайзері жоқ және оталдыру кілті шын кілтке ұқсайтын машиналар еді. Соңғы мәлімметерге сүйенсек, көбінесе жасөспірімдер қатысқан қауіпті челлендж салдарынан 14 апат болып, 8 адам көз жұмған.

Желі қолданушыларының әрекетінен қанша көлік бүлінгені белгісіз. Бірақ Hyundai мен Kiа есебі бойынша көлігі 2011-2022 жылдары шыққан 9 миллионға жуық Америка тұрғыны өтемақы алады. Өндірушілер қайтаратын сома 200 миллион долларға жетеді.

 

Челлендж в ТикТоке обойдётся Hyundai и Kia в 200 млн долларов

 

Hyundai мен Kia-ның кей моделіне иммобилайзер орнатпауы жұрттың шағымдануына себеп болған еді. Өндірушілер сапасы нашар машина шығарады деп айыпталды. Кей пысықтар конструкцияның толық болмауынан көлікті небәрі 90 секундта айдап кеткен.

Өндірушілер жанама шығындарды да қайтарады. Өйткені көлігінен айырылғандар таксимен жүруге не авто жалға алуға мәжбүр болған. Бұдан бөлек Hyundai мен Kia осал машиналардың бағдарламасын жаңалап береді, ал жаңалауға келмейтін көлік иелері ақшалай төлем алады.

Көлік ұрлауға қатысты автоөндірушілер былтыр күзде мәлімдеме жасаған, бірақ ол кезде оңай құтылды. Ресми дилерлер автомобильді ашуға мүмкіндік бермейтін қауіпсіздік жинағын 170 долларға сата бастады. Сонымен қоса рөлді механикалық түрде бұғаттайтын 65 мың құрылғыны тегін таратқан.